№3 Зертханалық жұмыс
Теңіз көлінің ғарыштық суретін табиғи түспен комбинациялау
және керекті аймақты түспен өңдеу.
Орындаған: Хамит А.Б. ГК151
Тексерген : Рахымбай З.
Жұмыстың мақсаты: ғарыштық суретті комбинациялауды уйрену; ғаламтордан Band-ке бөлінген түсірістерді алуды үйрену; өзімізге қызықты аумақты түстерге бөлу;
Жұмыстың міндеті: комбинация түрлерін салыстырып, үйреніп, тиімді түрін қолдана білу, керекті аймақты белгілеп, түске бөлуді уйрену;
1. Earth Exploler сайтынан керекті аймақты таңдап, сол жердің түсірісін архив ретінде көшіріп аламыз. Бізге Band-тар керек болғандықтан, мәліметтерді Data Prodict-ті таңдап, сақтаймыз.
2. Енді карталарды бағдарламада ашу үшін, барлық 7 Бэндті таңдап аламыз. Бэндтер бізге комбинация жасау үшін, ең негізгі элемент болып саналады. Ашылғаннан кейін, өзімізге керекті комбинациямен картаны ашамыз.
3.Барлық Бэндтерді кеңістіктегі орнын байлау үшін және бір қабатта ашу үшін Basic Tools-Layer Stacking ұяшығына кіріп, барлық Бэндтерді импорттаймыз.
4. Ендігі мақсатымыз өзімізге қажетті объектілерді таңдап, түстерге бөлу қажет. Ол үщін ROI tool ұяшығына кіреміз. Ол жерде карта бетіне полигон сызуға және аймақтар мен объектілерге бөлуге болатын терезе ашылады. Бітіргеннен кейін оны сақтаймыз.
5. Ғарыштық суреттегі объектілерді түстерге бөлгеннен кейін, оны түсіріс бетіне шығарамыз. Максималды түрде шынайылыққа алып келу(Maximum Likelihood) ішіне кіріп, бір қабатта ашқан файлымызды таңдаймыз. Терезе ашылады, содан соң аймақтарға түспен бөлген ROI-ларды таңдап, картаның сақтайтын жерін таңдаймыз. Жүктеленіп болғаннан кейін картамызды ашуға болады.
6. Комбинация арқылы картадағы кейбір кішкене объектілерді немесе зертеушінің саласына байланысты тереңірек мағлұмат алуға болады.
Ал, түстерге бөліп өзімізге керекті аймақты айқындаймыз. Түстерге бөлуде көңіл аударатын бір жағдай, объектілердің суретте түстері әр түрлі болы мүмкін, сондықтан полигон сызғанда максималды түрде объектідегі барлық түстерді қамтып шығу керек. Егер аз сызған жағдайда, бағдарлама түстерді шатасыруы мүмкін. Бұл картадағы түстері бірдей объектілерді қарастырғанда ескерілуі қажет.
Соңғы нәтиже анық әрі дұрыс шыққан деп ойлаймын
ОтветитьУдалить