№1 Зертханалық жұмыс

               
                                        ENVI БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ
                                                                                                     
                                                                                                        Орындаған: Хамит А.Б. ГК151
                                                                                                       Тексерген: Рахымбай З. 

 Жұмыстың мақсаты: ENVI бағдарламасында, ғарыштық суреттердің біріндегі координаттар жүйесін, екінші кеңістікке байланбаған суретті сәйкесендіру; 
   Жер серіктерінен алынған Алматы облысының екі түсірісті, бір жүйеге келтіру;
Жұмыстың міндеті: осы бағдарламада, ғарыштық суреттерді байлауды үйрену;
   Жалпы ENVI  бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу;


1.  Бағдарламаны  ашып, Landsat ғарыштық серігімен түсірілген екі түсірісті ашамыз. 
     RGB режимінде берілген сурет – байланған, ал ақ/қара түсті режимде берілген сурет –                байланбаған.  

2. Map ұяшығынын ішінен Registration→Select: Image to Image- ты басамыз. Содан кейін "Image to Image Registration" терезесі ашылады  Бұл терезеде Base Image- де байланған ғарыштық сурет ашық тұрған дисплейді, ал Warp Image-де байланбаған ғарыштық сурет ашық тұрған дисплейді таңдап, OK түймешесін басамыз.


 3.Келесі кезекте  Ground Control Points Selection терезесі ашылады, Бұл карта байлауға, тірек      нүктелерін таңдауға арналған терезе.
4. Кезекті жұмыс- екі суретттен тірек нүктелері бола алатын нүктелерді таңдау. Біз ол үшін ZOOM  терезесін қолданамыз.Екі суреттеде нүктені нысанамен қойып, Add Points түймешесін басып, тірек нүктелер тізімін құрамыз.
 5.Ғарыштық суретті байлау үшін кем дегенде 25 тірек нүктесі сурет бойынша біркелкі таңдалынуы қажет. Үш нүктеден кейін, Predict (болжау) түймешесі іске қосылады. Бұл түймешенің мақсаты – байланған суретте таңдалған нүктені байланбаған ғарыштық суретте автоматты түрде тауып беру болып табылады.  (Мен Predict түймешесі автоматты түрде жұмыс жасайтын шығар деп ойладым, сондықтан белгіленген нүктелердің қателігі 1-ден асып кетті.)
 6. 25 тірек нүктелерінің тізімін  Show List  түймешесін басу арқылы көруге және өзгертуге болады. Ол кестеде RMS, яғни қателікті шығарып береді. Қателік 1-ден аспау керек.

 7. Соңғы жұмыстардың бірі- байланған картаны бір ғарыштық суреттің проекциясын екіншісіне өзгерту сатысын бастаймыз. Ол үшін Ground Control Points Selection терезесінде Options → Warp file командасын орындаймыз. Input Warp Image терезесі ашылады, соның ішінде ақ/қара түсті картаны таңдап ОК ұяшығын басамыз.
 




8. Сонымен байланған картаны сақтап, оның нәижесін бағалаймыз. 


Қорытынды:Қорытындылайтын болсақ, бағдарлама байланбаған карталар немесе координаталық мәліметтері жоқ түсірістерді, кеңістікте байлауға, таптырмас бағдарламалардың бірі деп айтсақ болады.  Ғарыштық суреттерді байлағанда, минималды қателікпен байлауға арналған функциялармен жабдықталған. 





1 комментарий:

Bad Ishl қаласының ғарыштық суретіне классификация  Орындаған: Хамит Алтынбек  Мырзабекова Ақбота Құдайберген Сымбат Бозкурт...