№3 Зертханалық жұмыс
               
                        Теңіз көлінің ғарыштық суретін табиғи түспен                                                  комбинациялау 
                         және керекті аймақты түспен өңдеу.

Орындаған: Хамит А.Б. ГК151
Тексерген : Рахымбай З.

Жұмыстың мақсаты: ғарыштық суретті комбинациялауды уйрену; ғаламтордан Band-ке бөлінген түсірістерді алуды үйрену; өзімізге қызықты аумақты түстерге бөлу;

Жұмыстың міндеті: комбинация түрлерін салыстырып, үйреніп, тиімді түрін қолдана білу, керекті аймақты белгілеп, түске бөлуді уйрену;

1. Earth Exploler сайтынан керекті аймақты таңдап, сол жердің түсірісін архив ретінде көшіріп аламыз. Бізге Band-тар керек болғандықтан, мәліметтерді Data Prodict-ті таңдап, сақтаймыз. 



2. Енді карталарды бағдарламада ашу үшін, барлық 7 Бэндті таңдап аламыз. Бэндтер бізге комбинация жасау үшін, ең негізгі элемент болып саналады. Ашылғаннан кейін, өзімізге керекті комбинациямен картаны ашамыз.





3.Барлық Бэндтерді кеңістіктегі орнын байлау үшін және бір қабатта ашу үшін Basic Tools-Layer Stacking ұяшығына кіріп, барлық Бэндтерді импорттаймыз. 








4. Ендігі мақсатымыз өзімізге қажетті объектілерді таңдап, түстерге бөлу қажет. Ол үщін ROI tool ұяшығына кіреміз. Ол жерде карта бетіне полигон сызуға және аймақтар мен объектілерге бөлуге болатын терезе ашылады. Бітіргеннен кейін оны сақтаймыз.




5. Ғарыштық суреттегі объектілерді түстерге бөлгеннен кейін, оны түсіріс бетіне шығарамыз. Максималды түрде шынайылыққа алып келу(Maximum Likelihood) ішіне кіріп, бір қабатта ашқан файлымызды таңдаймыз. Терезе ашылады, содан соң аймақтарға түспен бөлген ROI-ларды таңдап, картаның сақтайтын жерін таңдаймыз. Жүктеленіп болғаннан кейін картамызды ашуға болады.




6. Комбинация арқылы картадағы кейбір кішкене объектілерді немесе зертеушінің саласына байланысты тереңірек мағлұмат алуға болады. 
    Ал, түстерге бөліп өзімізге керекті аймақты айқындаймыз. Түстерге бөлуде көңіл аударатын бір жағдай, объектілердің суретте түстері әр түрлі болы мүмкін, сондықтан полигон сызғанда максималды түрде объектідегі барлық түстерді қамтып шығу керек. Егер аз сызған жағдайда, бағдарлама түстерді шатасыруы мүмкін. Бұл картадағы түстері бірдей объектілерді қарастырғанда ескерілуі қажет.







        №2 Зертханалық жұмыс

ENVI бағдарламасында Каспий теңізі аймағының ғарыштық түсірістерін біріктіру

Орындаған: Хамит А.Б. ГК151
Тексерген : Рахымбай З.

Жұмыстың мақсаты: Ғарыштық түсірістерді жер бетіне сәйкестендіріп, біріктіру. Суреттердің шынайлығы сақтай отырып, олардың тігісін дәл келтіру.
Жұмыстың міндеті: ENVI  бағдарламасында суреттерді тігіп үйрену. Earth Exploler сайтынан түсірістерді алып, оларды бағдарламада қолдануды үйрену.

1. Earth Exploler сайтынан өзіміз қалаған аймақты алып, сол жердің түсірістерін өзімізге көшіріп аламыз. 
2. Жазып алған түсірістерді, ENVI бағдарламасында ашып, оларды арнайы функциямен біріктіреміз. Түсірістерді гео мәліметтермен бірге берілетін болғандықтан, ол автоматты түрде кескіндер бір-бірімен жалғасып қойылады.


3. Енді бізге екі картаның біріктіру керек және тігісінің дұрыс болып шығуын қарау керек. Ол үшін, бетінде жаткан картаның кесіп алатын жерін белгілейміз және алынатын жеріне таңба қоямыз. Сол кезде бағдарлама алынатын жерді тани алады. Содан кейін осы Аннотацияны сақтаймыз. 

4. Аннотация сақталғаннан кейін, оны сызған картамыздың бетіне түсіру керек. Ол үшін, бетінде жатқан картаның үстіне тышқанның оң жағын басып, Edit Entry түймешесін басып, 
сақтаған Аннотациямызды таңдаймыз.

5. Аннотацияны таңдағаннан кейін картаның бетіне, сызған сызығымыз картаның үстіне шығады.  

6. Осыдан кейін картаны біріктіру үшін, Apply-дің ішінен Mosaic Parameters ішінен картаны  қай жерден, қандай атпен сақтау керек екенін таңдап, сақтаймыз. Картаның мозайкасының загрускасы толып болғаннан ашып қарауымызға болады.

 



Қорытынды: ЖҚЗ ғарыштық жүйелері туралы ақпарат алудың ең ыңғалы әдісі Internet жаһандық компьютерлік желілер арқылы беріледі. Ғарыштық түсірістер материалдарын қолданумен және таратумен шұғылданатын барлық фирмалардың Internet-те өз парақтары бар.
Осы  Earth Exploler  парақшасы  арқылы алынған суреттердің сапасы жақсы болып келеді. 
   ENVI бағдарламасы ғарыштық түсірістерді біріктіруде ең көп қолданылатын бағдарламалардың бірі, Картографтардың барлығы осы Landsat жерсерігі мен ENVI бағдарламасын "Фотограметрия" саласында кеңінен қолданады.





                                       №1 Зертханалық жұмыс

               
                                        ENVI БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ
                                                                                                     
                                                                                                        Орындаған: Хамит А.Б. ГК151
                                                                                                       Тексерген: Рахымбай З. 

 Жұмыстың мақсаты: ENVI бағдарламасында, ғарыштық суреттердің біріндегі координаттар жүйесін, екінші кеңістікке байланбаған суретті сәйкесендіру; 
   Жер серіктерінен алынған Алматы облысының екі түсірісті, бір жүйеге келтіру;
Жұмыстың міндеті: осы бағдарламада, ғарыштық суреттерді байлауды үйрену;
   Жалпы ENVI  бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу;


1.  Бағдарламаны  ашып, Landsat ғарыштық серігімен түсірілген екі түсірісті ашамыз. 
     RGB режимінде берілген сурет – байланған, ал ақ/қара түсті режимде берілген сурет –                байланбаған.  

2. Map ұяшығынын ішінен Registration→Select: Image to Image- ты басамыз. Содан кейін "Image to Image Registration" терезесі ашылады  Бұл терезеде Base Image- де байланған ғарыштық сурет ашық тұрған дисплейді, ал Warp Image-де байланбаған ғарыштық сурет ашық тұрған дисплейді таңдап, OK түймешесін басамыз.


 3.Келесі кезекте  Ground Control Points Selection терезесі ашылады, Бұл карта байлауға, тірек      нүктелерін таңдауға арналған терезе.
4. Кезекті жұмыс- екі суретттен тірек нүктелері бола алатын нүктелерді таңдау. Біз ол үшін ZOOM  терезесін қолданамыз.Екі суреттеде нүктені нысанамен қойып, Add Points түймешесін басып, тірек нүктелер тізімін құрамыз.
 5.Ғарыштық суретті байлау үшін кем дегенде 25 тірек нүктесі сурет бойынша біркелкі таңдалынуы қажет. Үш нүктеден кейін, Predict (болжау) түймешесі іске қосылады. Бұл түймешенің мақсаты – байланған суретте таңдалған нүктені байланбаған ғарыштық суретте автоматты түрде тауып беру болып табылады.  (Мен Predict түймешесі автоматты түрде жұмыс жасайтын шығар деп ойладым, сондықтан белгіленген нүктелердің қателігі 1-ден асып кетті.)
 6. 25 тірек нүктелерінің тізімін  Show List  түймешесін басу арқылы көруге және өзгертуге болады. Ол кестеде RMS, яғни қателікті шығарып береді. Қателік 1-ден аспау керек.

 7. Соңғы жұмыстардың бірі- байланған картаны бір ғарыштық суреттің проекциясын екіншісіне өзгерту сатысын бастаймыз. Ол үшін Ground Control Points Selection терезесінде Options → Warp file командасын орындаймыз. Input Warp Image терезесі ашылады, соның ішінде ақ/қара түсті картаны таңдап ОК ұяшығын басамыз.
 




8. Сонымен байланған картаны сақтап, оның нәижесін бағалаймыз. 


Қорытынды:Қорытындылайтын болсақ, бағдарлама байланбаған карталар немесе координаталық мәліметтері жоқ түсірістерді, кеңістікте байлауға, таптырмас бағдарламалардың бірі деп айтсақ болады.  Ғарыштық суреттерді байлағанда, минималды қателікпен байлауға арналған функциялармен жабдықталған. 





Bad Ishl қаласының ғарыштық суретіне классификация  Орындаған: Хамит Алтынбек  Мырзабекова Ақбота Құдайберген Сымбат Бозкурт...